382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жастар акциясы өтті

  • 141
  • UPD: 23:47, 04.06.2019
Алматыда жастар акциясы өтті

Алматыда еліміздің Мемлекеттік рәміздері күніне арналған жастар акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұранымыз Шекара қызметі академиясы оркестрімен орындалды. Ал қалалық дарынды балалар патриоттық әндерді әуелете шырқады. Жастар акциясына қалалық этномәдени бірлестік өкілдері, жастар қозғалысы мен еріктілер лигасының мүшелері қатысты. Ал бүгінгі күннің батырлары болса жастарға Отанды сүю, елі үшін ерлік жасаудың қаншалықты жауапты екенін айтты. Мысалы, Мейрамбек Күлназаров – отыз адамды өрттен алып шыққан батыр.

Мейрамбек Күлназаров, ІІ дәрежелі «Айбын» төс белгісінің иегері:

- Ерлік жасау ол еліңді, жұртыңды құрметтеу деп білемін. 2017 жылы болған. Үлкен ғимаратта өрт болған, сол жерден отыз адамды құтқарып, түтіннен алып шықтық. Содан Президенттің қолынан «Айбын» орденімен марапатталдық.

Хабар 24 телеарнасы