378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Ораза айт мерекесі басталды

  • 214
  • UPD: 09:52, 05.06.2019

Бүгін құлшылыққа толы қасиетті Рамазан айы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таң атысымен Қазақстандағы мешіттерде ораза айт намазы оқылды. 

Айттың мән-мағынасына келсек, Айт - «қуаныш пен шаттыққа толы күн» деген мағынаны немесе «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді екен. Аллаһ Тағала айт сайын адам баласына  түрлі жақсылықтар береді.

Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен басталады Дәстүр бойынша мерекеде мұсылмандар бір-біріне «Иб Мубарак» деген сөздермен сәлемдеседі және «Ораза Айт кабыл болсын!» деп жылы лебіздерін білдіреді.

Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәні де, салтанаты да  ерекше мерекелік дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады.

Хабар 24 телеарнасы