389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда уақытша үкімет құрылады

  • 332
Суданда уақытша үкімет құрылады 112.ua

Суданның өтпелі Әскери кеңесінің басшысы Әбдель Фаттах әл-Бурхан тоғыз айда сайлау өткізу үшін уақытша үкімет құратынын жариялады.

Сондай-ақ ол Хартумдағы ереуілдеушілерге жасалған шабуылға қатысты тергеу басталатынын жеткізді. Соңғы деректерге сәйкес, шабуыл кезінде 35 адам опат болған. Адам өліміне әкеп соққан қақтығысқа байланысты әскери кеңес басшысы оппозициямен бұған дейін жасаған келісімнің күшін жоятынын атап өтті. Десе де, телеарна арқылы жасаған ресми мәлімдемесінде әскери кеңес билік тізгінін өзіне қалдырмайтынын тағы ескертті.

Хабар 24 телеарнасы