382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: Ғаламтордағы жаңашылдық жарнамаға деген көзқарасты өзгертті

  • 91
  • UPD: 09:53, 05.06.2019

Интернет-контент – өз алдына бөлек сала, бөлек индустрия.

Қазақстандық блогерлер ғаламтор кеңістігін жаңа бағытпен игеріп келеді. Онымен қоса, көрермен мен оқырман саны да минут сайын артып отыр. Ізінше жарнама берушілер де жаңа нарыққа кіруге асық.

«Орыстар шоу» атты танымал блогтың авторлары жүктеген бейнероликтер желіде бірнеше мыңдаған қаралым жинайды.

Сергей Закора, блогер:

– Біз қазақ тілінде түрлі бейнероликтер түсіреміз. Ішінде күлкілісі де, пайдалысы да бар. Әлеуметтік желі арқылы тікелей аудиториямызды таптық десек болады. Және олармен ұдайы түрде байланысып отырамыз. Тіпті жақынырақ танысып, жиі әңгіме-дүкен құрамыз. Расымен де жан-жақты пайдалы әрі тың дүние.

Бұл бейнероликтерге қосымша жарнама мен аңдатпа қажет емес. Смартфондағы қосымша көрерменнің сұранысын ескеріп, видеоны лентаның төбесіне шығарып отырады.

Евгений Шорнев, блогер:

– Инстаграм арқылы танымал болу немесе көңіл-күйіңді бір көтеріп алу үрдіске айналды. Белгілі бір бейнероликті көрдіңіз делік, онда сіз өзіңізге немесе жақындарыңызға тән болмысты танып, бірден достарыңызға жаппай таратасыз. Жаңағы бейнероликте белгілі бір кісі есімі қолданылса, бірден аттас достарына жібере бастайды.

Инстаграм мен ютуб – кейбіреулер үшін хобби мен демалыс болса, енді бірі үшін қосымша табыс көзі. Алайда вайнерлер тапқан табысы туралы көп айта бермейді.

Интернетте ақпарат тым көп. Бірақ оның барлығын пайдалы деуге келмес. Мәселен, компьютер ойындарынан бастап.

Контенттің сан алуандығы, әсіресе қаралымның көп болуы маркетингтік агенттіктердің қызығушылығын тудырды. Бүгінде танымал блогерлер жариялайтын жарнама құны бірнеше жүз мың теңгеге дейін барады. Мамандардың айтуынша, ғаламтордағы жаңашылдық жарнамаға деген көзқарасты өзгертті.

Юлия Дмитриева, маркетолог:

– Жарнама берерде өз аудиторияңызды нақтылап алуыңызға болады. Мәселен, маған осы ауданнан белгілі бір көшенің атауын атап, осындай парақшаларға жиі кіретін осынша жастағы адамдар қажет деп көрсетесіз. Бұл белгілі бір өңір мен өнім үшін үрдіс тұрақты үрдіс саналуы мүмкін. Артынша, нақтыланған аудиторияны топтарға жіктеп, дәлірек көздейсіз. Сонда ғана сапалы жарнаманың берер пайдасы да мол болады.

Бүгінде блогерлерді жай интернет қолданушы деп атауға келмейді. Өйткені олар лайықты лайктердің арқасында танымал атанып, өз кәсіптерін дөңгелетіп алды. Мәселен, дүкен ашып, фастфуд орындарын жалға ала бастады. Тіпті керек десеңіз, жеке киім үлгілерін де шығарып жатыр.

Мұндай табыс көзі желіге жаңадан тіркелген әрбір қолданушыны қызықтырары хақ. Олардың көбі – миллиондаған оқырманым болса екен деп армандайтын жастар. Бірақ психологтар мұндай үрдіске оң көзбен қарауға кеңес бермейді. Қызығы сол, тіпті мұндай үрдісті ата-аналар да қолдай бастағаны, дейді мамандар.

Анна Поздеева, психолог:

– Баланың интернеттегі әрекеті туралы ата-ана кеш болғанда білуі мүмкін. Осындай жағдайда соңғылары ғаламтордағы қауіп туралы балаға мейлінше жиі ескертіп отыруы керек. Бірінші кезекте жастар желіде танымал болғысы келеді, бірақ оларға жасырын түрде жағымсыз пікір қалдырғысы келетіндер де аз емес. Бұл өз кезегінде балаңыздың психикасына зиян болмаса, пайдалы болмасы хақ.

Интернет-контентке біржақты қарау мүмкін емес. Пайдалы да, пайдасыз да тұстары жетіп артылады. Тіпті көпшіліктің тұрмыстағы уақытын текке жұтып жатыр десек те болады. Сәйкесінше бұл салада да уақыттан жеңетін яғни контент ұсынушы және жеңілетін тұтынушы немесе жай көрермендер бар. Нарық заңдылдығы осындай.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Андрей Деменок, Нұрғали Мамырбаев, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы