378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаты баласын әлеуметтік желіде жарнамалайтындарға қарсы

  • 99
  • UPD: 10:28, 05.06.2019

Әлеуметтік желідегі оқырмандарының санын ұлғайту мақсатында балаларын пайдаланатын ата-аналар саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңай ақша табу мақсатында әдептен аттауға болмайды, дейді сала мамандары. Ата-аналар балаларын жарнамалау арқылы перзентінің қауіпсіздігін тәуекелге тігетінін көп байқай бермейді. Түрлі байқауларға қатысқан баланың жеке ақпараттары мен тұрғылықты ауданы да жариялануы мүмкін. Ал мұндай құпия саналатын деректер – арамза жандар үшін таптырмас мәлімет, дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев.

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кәсіби жарнама мен маркетинг технологиясында балалар мен үй жануарларының бейнесі жиі қолданылатыны белгілі. Бірақ әлеуметтік желілердегі әуесқой пиар саласында жарнама құралына айналдыру үрдісіне өз басым қарсымын. Біріншіден, бұл этикалық тұрғыда әдепке жатпайды. Десек те, бұған заңнамалық жағынан тыйым салудың да қажеті жоқ. Екіншіден, бұл ата-ана мен бала өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін. Неге десеңіз, тұрмыстық жарнамада жеке ақпарат пен құпия саналатын деректер жарияланып кетіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы