384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы мал шығыны өтелмеуі мүмкін

  • 72
  • UPD: 10:33, 05.06.2019
Атырау облысындағы мал шығыны өтелмеуі мүмкін

Қазіргі таңда Атырау облысының Құрманғазы ауданында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, ветеринарлық ахуал тұрақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, су, жер және шөп сынамалары алынып, қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Салтанат Әбілқасымова, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

– Тиісті шаралар қолданылады деп үміттенеміз. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 800-ден астам малдың шығыны бар екені туралы ақпарат келді. Ауыл шаруашылық саласында бұйрық бойынша аса қауіпті аурулардың тізімі бар, егер сол тізім бойынша малдың ауруы анықталған жағдайда сол кезде ғана малдың иесіне тиісті төлемақы төленеді.

Хабар 24 телеарнасы