383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ырғыз-Торғай» табиғи резерватының 7 инспекторы киік атқаны үшін істі болған

  • 85
«Ырғыз-Торғай» табиғи резерватының 7 инспекторы киік атқаны үшін істі болған

Табиғатты қорғау міндеті жүктелген азаматтардың кейде заң бұзып, қоршаған ортаға шығын келтіріп жатқаны жиі тіркеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, «Ырғыз-Торғай» табиғи резерватының 7 бірдей инспекторы бір жыл ішінде істі болды. Киіктерді көздің қарашығындай сақтау тапсырылғанымен, олар Қызыл кітапқа енген ен даланың аңын аяусыз қырған. Осыған орай құзырлы орган өкілдері сақшыларға жауапкершілікті күшейту керектігін тағы бір мәрте еске салды. «Охотзоопром» мекемесінің өңірлік филиалы инспекторларына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары дәріс оқыды. Кездесу барысында мемлекеттік жемқорлыққа қарсы стратегия сөз болды. Олардың айтуынша, табиғатты қорғау саласында көз қысты, бармақ басты әрекеттерге итермелейтін факторлар бар. Дегенмен қолға алынған шаралар ақбөкендер санының өсуіне жағдай жасап отыр.

Сәбит Дүйсекенов, «Охотзоопром» РМҚК Ақтөбе облыстық филиалы директоры:

– Биылғы жылдың есебі бойынша Үстүрт даласының киігі мың жарым басқа артқандығы байқалады. Өткен жылы 3 700 болса, соңғы санақ Шалқар, Байғанин және Бейнеу аудандарында 5 мыңға жуық ақбөкен мекендейтінін көрсетті. Сәйкесінше қорғау жұмыстарына қосымша жедел топ та алдырғанбыз. Жаңадан қосылған қызметкерлерімізбен де жемқорлықтың алдын алу туралы ақпаратпен бөлістік.

Хабар 24 телеарнасы