383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Cайлау 2019: Маңғыстау облысындағы 223 тәуелсіз байқаушының 40% – жастар

  • 138
  • UPD: 14:22, 05.06.2019

Сайлау күні Маңғыстау облысындағы сайлау учаскелерінің жұмысын 223 тәуелсіз байқаушы бақылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 40 процентін белсенді жас буын өкілдері құрап отыр. Жалпы байқаушыларды тұрғылықты мекенжайы бойынша 10 мобильді капитан оқытқан. Бұл капитандар «Аманат» азаматтық платформасы базасында жасақталған. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына екі, сондай-ақ облысқа қарасты бес ауданға бір капитаннан бекітілген еді. Сайлау күні әр тәуелсіз байқаушы өзіне берілген арнайы күнделікті толтыруы тиіс. Күнделікте сайлау учаскесінің таңғы 6-дан кешікпей ашылуынан бастап, тұрғындардың дауыс беруі кезінде анықталған кемшіліктер көрсетіледі. Бұл – ендігі сайлау маусымында олардың қайталануына жол бермеу үшін жасалған қадам.

Ирина Проняева, мобильді капитан:

– Тәуелсіз байқаушыға берілетін күнделікте оның міндеттері мен құқықтары көрсетілген. Күнделікте үш сауалнама бар. Біріне сайлау учаскесінің ашылуы уақытында, тағы біріне азаматтардың дауыс беруі кезінде мәлімет жиналады. Соңғысының сұрақтарына сайлау учаскесінің жұмысы кешкі 8-де тоқтатылған соң, күнұзақ келіп түскен дауыстарды санау кезінде жауап беріледі. Қандай да бір кемшілік болған жағдайда екі дана қағазға хаттама толтырылады. Олардың үлгілері осы күнделікте жазылған.

Ғалия Жалғасбай, «Аманат» азаматтық платформасы өңірлік штабының жетекшісі:

– Сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаушы өзінің жазған мәліметтерін фотоға түсіру арқылы мобильді капитандарға, ал мобильді капитандар штабқа жолдайды. Штаб республикалық деңгейге жеткізеді. Осы сайлауда Маңғыстау облысы бойынша 223 сайлау учаскесіне 223 тәуелсіз байқаушыларды қатыстыру жоспарланып отыр. Бұл байқаушылар бүкіл өңірдегі аудан-қалалардың тарапынан ұсынылған барлық азаматтық ұйымның, жеке азаматтардың, белсенді жастармен құрамы жасақталды.

Хабар 24 телеарнасы