389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


206 семейлік Қазақстанның басқа өңірлерінде дауыс бермек

  • 181
  • UPD: 14:20, 05.06.2019

9 маусым күні 206 семейлік еліміздің басқа өңірлерінде дауыс бермекші.

Түрлі себептермен қаладан тыс жерлерге сапар шегетін тұрғындар қазір өтініштері бойынша есептен шығарылып, арнайы құжаттарын алды. Бұл туралы қалалық аумақтық сайлау комиссиясынан хабарлады. Қазір саяси науқанға дайындық шаралары аяқталып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, 240 мыңға жуық сайлаушының 18 мыңы алғаш рет дауыс береді. Шаһардағы 149 сайлау учаскесінің хатшылары мен мүшелері бірнеше кезеңдік арнайы оқудан өтіп, сертификат алған. Яғни өткен жылы енгізілген заңдағы өзгерістердің барлығы игерілді.

Хабар 24 телеарнасы