384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Аманат» азаматтық платформасы кезеңаралық жұмыс қорытындысын жариялады

  • 155
  • UPD: 14:22, 05.06.2019

Алматыда «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу бойынша азаматтық платформасы кезеңаралық жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық ұйым еліміздегі 9 мың 967 сайлау учаскесі мен президенттікке үміткерлердің штаб-пәтерлерін тексерген. Бір ай ішінде аймақтарда 424 іс шара өткізіп, «Аманат» базасында 7 мыңнан астам байқаушы дайындықтан өтті. Ұйым мүшелерінің айтуынша, тексерілген сайлау бөлімшелерінің 30 пайызында кемшіліктер анықталған. Ал сайлауалды бағдарламаларын насихаттау мен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауда барлық үміткердің құқықтары тең дәрежеде сақталып жатқандығын атап өтті.

Қазыбек Шайх, «Аманат» АП штаб төрағасы:

– Біз кандидаттардың штабтарын аралап шықтық, атқарылып жатқан жұмыстарды қарап жатырмыз. Олардың құқықтары бұзылмауы керек. Біздің бақылаумыз бойынша ешбір кандидаттың сайлау компаниясына ешкім кедергі жасап жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы