378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: ШҚО-да 1200-ден астам адам электоралды процеске мониторинг жүргізеді

  • 146
  • UPD: 14:24, 05.06.2019

Шығыс Қазақстан облысында «Аманат» азаматтық платформасына 60-тан астам үкіметтік емес ұйым қолдау білдіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында БАҚ өкілдері де бар. Осылайша енді 1200-ден астам адам электоралды процеске мониторинг жүргізеді. Бұл туралы тәуелсіз бірлестіктің өңірдегі өкілдері арнайы брифинг барысында мәлімдеді. Оған қатысушылардың мақсаты айқын, ол сайлаудың әділ өтуін бақылау. Сондықтан барлық президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдерімен кездесіп, аумақтық сайлау комиссияларын аралап, сайлау учаскелерін де көріп шыққан. Олар әр адамның дауыс беру құқығын қолдануға тең жағдай жасалуы керек деп санайды. Сонымен қатар азаматтық платформа өкілдері әрбір тұрғынның болашақ президентке ең маңызды деген «бес аманат» артуына мүмкіндік беріп отыр. Ол жазбалар әлеуметтік желіде жариялануы қажет.

Хабар 24 телеарнасы