378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау кезінде ТМД елдерінен 420-дан астам байқаушы келеді

  • 137
  • UPD: 14:23, 05.06.2019

9 маусымда өтетін кезектен тыс сайлауда ТМД елдерінен 420-дан астам байқаушы келеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның отыздан астамы Шығыс Қазақстан облысына бет бұрмақ. Алғашқы байқаушылар легі қазірдің өзінде өңірдегі сайлауалды әзірлік барысын назарға алған. Олар облыста өткен оқыту семинарларына қатысып, сайлау комиссиясы мүшелері мен учаскелердің әзірліктерін байқап жүр. Сонымен қатар сайлау туралы заң талаптарының сақталуын да қадағаламақ. Байқаушылар орталық сайлау комиссиясы биылғы науқанға тыңғылықты әрі үлкен жауапкершілікпен қамданыпты деген пікірде. Олардың айтуынша, сайлауды өткізу және оған қатысу туралы түрлі методикалық материалдар өте ұтымды шыққан. Бұл саяси науқанды өткізу барысында қателіктердің алдын алуға септігін тигізеді.

Олег Кулеба, ТМД байқаушылар миссиясы штабы басшысының орынбасары:

– Сайлау учаскелерінің саяси науқанға әзірлігі жақсы. Барлық қажетті құралдармен толық жабдықталған, сайлау комиссиясы мүшелерінің сауаттылығы жоғары. Сондықтан сайлау өте жоғары деңгейде өтеді деген үміт бар.

Хабар 24 телеарнасы