389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда студенттер көп қабатты үйлер мен аулаларды жөндеу ісіне жұмылдырылады

  • 219
Екібастұзда студенттер көп қабатты үйлер мен аулаларды жөндеу ісіне жұмылдырылады

Екібастұздың студенттері биыл қаладағы көп қабатты үйлер мен олардың аулаларын жөндеу ісіне жұмылдырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеншілер қаласының жастары үшін «100 аула, 100 үй» бағдарламасы құрылды. Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған форумда қала әкімі Нұржан Әшімбетов жастарға үлкен сенім артты. «Туған қаланың тазалығы табалдырықтан басталады», – деген ол тұрғындарды да жауапкершілікке шақырды. Бүгінгі таңда Екібастұз қаласында 640 көп қабатты үй бар. Олардың бір бөлігі басқарушы компаниялар мен пәтер иеленуші кооперативтеріне кірмейді. Тоз-тозы шыққан аулаларды абаттандырып, үйлерді жөндеу «Жасыл ел» жасағына жүктелді. Бұл іске 200 студент білек сыбана кіріспек. Оларды ынталандыру мақсатында штаб командирлеріне велосипед табыс етілді.

Нұржан Әшімбетов, Екібастұз қаласының әкімі:

– Ертеңгі күні біз 100 шақты үйді жөндеу жұмыстарынан өткізсек, үлкен пайдалы іс болады. Спорт және балаларға арналған алаңдарды бюджет тарапынан жасаймыз. Бюджет қаражатын үйлерді жөндеуге жұмсауға болмайды. Сондықтан жастарды шақырып, оларға штаб арқылы қаражат шығарылды. Олардың еңбекақысы 70 мың теңгеден кем болмауы керек.

Әнуар Жанайдаров, «Жасыл ел» еңбек жасағының штаб командирі

– Мен осы «Жасыл ел» саласында үшінші жыл жұмыс істеп келе жатырмын. Колледж, барлық студенттің атынан алғыс білдіремін. Себебі ол бізді жазғы демалыста ақшамен қамтамасыз етеді және жұмыс береді.

Хабар 24 телеарнасы