388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде үш жыл бұрын болған лаңкестік шабуылдың құрбандары еске алынды

  • 377
Ақтөбеде үш жыл бұрын болған лаңкестік шабуылдың құрбандары еске алынды

Ақтөбеде болған лаңкестік шабуыл оқиғаға бүгін тура 3 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұздай қаруланған топ қару-жарақ дүкені мен әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын. Бүгін қақтығыс орын алған әскери бөлімде ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сол күндері Ақтөбенің 4 қарапайым тұрғыны мен Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімінде қызмет ететін 3 жауынгер оққа ұшқан еді. Мойор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берік Қалиев пен қатардағы жауынгер Досбол Сапардың есімдері бүгінде әскери бөлімдегі ескерткіш тақтасына қашап жазылған.

Денис Ча, 6655 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Жылына екі рет, әскери бөлімге жас сарбаздар қосылған кезде біз тақырыптық оқуларымызды сол оқиғаға арнаймыз. Ұлттық ұланның батырларын еске алып, олардың ерліктерін жас әскерлерге дәріптейміз. Себебі қауіпсіздік жолында құрбан болғандар ұмытылмауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы