389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Маңғыстау» атауы қашан пайда болды?

  • 359
«Маңғыстау» атауы қашан пайда болды?

«Маңғыстау» атауының тарих бетінде пайда болғанына мың жыл толуына орай облыс көлемінде 150-ден астам іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі Ақтаудағы амфитеатрда ұйымдастырылды. Қала тұрғындары театрландырылған қойылымды тамашалап, теңізге жақын жерде тұрған қазақ тайпалары туралы құнды мәліметтерге қанықты. Бұрын белгісіз болып келген кейбір деректі қазақстандық және шетел ғалымдары 1 жыл 6 алты айда анықтаған. Қызыл-қала, Алтынқазған секілді көне қалалар орнында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілген еді. Нәтижесінде бес жерасты мешіті, 20 шыңырау құдық пен осы шамада таңбалы тас табылды. Оларға сүйене отырып, ғалымдар біздің заманымыздың мыңыншы жылынан бастап тарих бетінде «Маңғыстау» атауының пайда болғанын айтады.

Пәния Сармурзина, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

– «Маңғыстау» атауының тарих бетінде пайда болуының мың жылдығына байланысты іс-шаралар бүгінгі күннен бастау алды. Облыс әкімімен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сонымен қатар облыс мектептерінде, облыстық оқу орындары мен мәдени-ағарту орындарында шаралар өткізу жоспарланып отыр. 150-ден астам шара жоспарға енді. Көрермендер сахнада көрген қойылым осы шараға арнайы дайындалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы