384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да колледждің ғимаратына бұлан кіріп кетті (видео)

  • 501
  • UPD: 16:44, 05.06.2019

Семей қаласындағы спорт колледжінде қызық оқиға болды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Колледждің қызметкерлері бұланды кітапханадан тауып алған. Ол терезенің әйнегін сындырып кіріп, кабельдерді зақымдапты.

Колледж қызметкерлері биологиялық орталықтың мамандары мен полицияны шақыртқан. Алайда аң қолға түспей, қашып кеткен екен.

Бұдан кейін бұланды қала тұрғындары колледжің жанындағы темір жол вокзалынан көргендерін айтады.

Хабар 24 телеарнасы