389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалау күшейтіледі

  • 236
  • UPD: 19:45, 05.06.2019
Петропавлда сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалау күшейтіледі

Тоғызыншы маусымда өтетін Президент сайлауы күні Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін 800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылмақ.

Тәртіп сақшылары маусымның 7-нен бастап күшейтілген жұмыс кестесіне көшеді.  Бұл жайында облыстық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында айтылды.  Шара барысында саяси науқанның өтуіне жауапты ұйым басшылары мен мемлекеттік органдардың есебі тыңдалды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өңірде орналасқан 663 дауыс беру орнының 303-інде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандығын анықтаған. Сондықтан қазір жергілікті билік өкілдері жағдайды қатаң бақылауға алды.

Игорь Балеев, облыстық ТЖД Басқармасының басшысы: 

- Арнайы тексеріс барысында өрт қауіпсіздігіне байланысты 300-ден астам олқылықты анықтадық. Оның басым бөлігі бүгінде ешімін тапты. Дегенмен, қазір 46 сайлау учаскесінде жағдай қатаң бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссиясының мүшелері мәселеден құлағдар. Олар алдағы 2-3 күнде кемшіліктердің орнын толтыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы