389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қоғамдық көлікке қатысты мәселе ушығып тұр

  • 293
  • UPD: 21:25, 05.06.2019

Әсіресе жаңа шағын аудандарды автобуспен қамту күн тәртібінен түспей келеді. Таңертеңгілік және кешкі мезгілде жағдай мүлде қиындап кетеді. Ал олқылықтың орнын толтырып, қызмет көрсету сапасын қалай арттыруға болады?

Қала аумағындағы «Нұр-Ақтөбе» тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін сезініп отырған шағын аудандардың бірі. Болашақта жүз мыңдаған адамның тұрғылықты жері болатын мекенге тек үш бағыт бойынша автобус қатынайды. Алайда, тым ұзақ күтетініміз қалыпты үрдіске айналды деген тұрғындар, соңғы уақытта қызмет көрсету мүлде нашарлағанын айтады.

Жұмагүл Үргеншбаева, қала тұрғыны:

- Қыста да осылай тұрамыз тоңып жаурап. Ешкім ойламайды, білмеймін. Қаншама жазып жатырмыз, айтып жатырмыз. Ешқандай движение жоқ. Енді қалаға тағы да көшкіміз келіп жатыр. Варианттар қарап жатырмыз. 4 жылдан бері шаршап біттік қалаға қатынауға. Таксимен жүре алмаймыз.

Бұл мәселеден жергілікті билік және жолаушы тасымалдаумен айналысатын компания өкілдері де хабардар. Олар, соңғы екі жыл бойы кәсіпорындардың техникалық паркі жаңартылғанымен, әлі де жетіспеушіліктің барын мойындайды. Оның үстіне, түрлі бағыттарда жүретін  300-ден астам автобустың 40 пайызға жуығы ескі болғандықтан жөндеуге жиі тұрады дейді. Дегенмен, туындаған мәселені дер кезінде шешіп, қызмет көрсетуді жалғастырып келеді.

Ерлан Блиев, қалалық  жолаушылар автокөлігі кәсіпорнының директоры:

- Халықтың шоғырланған жерлерін өзіміз анықтап, соған сәйкесінше қосымша автобустар енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Яғни күні бойы 10 автобус жүретін болс бір бағытта таңертеңгілік, бір жарым сағатта және кешке біржарым сағытта қосымша 3-4 бірлік мүмкін одан да көпкөліктерімізді шығарамыз.

Сондай ақ қалааралық қатынаста тиісті дәрежеде емес. Әзірге тек облыс орталығынан өңірдегі он ауданға ғана қоғамдық көлік қатынайды.

Есбол Базарғалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- 12 ауданның ішінде тек Шалқарға жоқ және Ырғыз ауданына. Тасымалдаушы анықталғанымен, өте алыс. Шығыны көп. Сондықтан да таксишілер қызмет көрсетеді. Қобда мен Шұбарға да дұрыс жүрмей тұр. Енді субсидия бөлу қарастырылып жатыр тасымалдаушыларды қолдау ретінде.

Мамандар биыл Ақтөбедегі қоғамдық көлік мәселесінің шешілетінін айтады. Ол үшін шаһарға100 жаңа автобус алу көзделген. Сондай-ақ электронды билет жүйесін енгізу арқылы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру қолға алынып жатыр. Бұл жоспарлар жыл соңына дейін орындалуы тиіс.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы