383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақ газеттері» ЖШС-нің басылымдарына екінші жарты жылдыққа жазылу жүруде

  • 107
  • UPD: 21:26, 05.06.2019

Еліміздегі ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар медиахолдингтердің бірі «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты газет-журналдарға екінші жарты жылдыққа жазылу жүріп жатыр.

Қоғамдық өмірдегі саяси құбылыстарды, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді өз оқырмандарына жан-жақты жеткізіп келе жатқан ұжымның бағыты белгілі, мақсаты да айқын.

Құрамында «Ана тілі», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази» газеттері және  «Ақиқат» пен «Мысль», «Үркер» журналдарын топтастырған «Қазақ газеттері» медиахолдингінің негізгі мақсаты осы мерзімді басылымдарға жан-жақты қолдау көрсету. Әлемді ақпарат билеген заманда электронды журналистиканың дәурені жүріп тұрғаны жасырын емес. Дегенмен ұжым басшылары дәстүрлі медианың  болашағы бұлыңғыр деген пікірмен келіспейді.

Шамшидин Паттеев, « Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры:

- Біздің журналистердің ішіндегі талдауына оның кәсіптік деңгейінің жақсартуына байланысты деп ойлаймын. Егер шын мәнінде де бізде жұмыс істеп жүрген журналистердің  кәсіптік деңгейі жоғары болып жалпы қоғамның барлық  мәселелерін жазып оларды терең талдай білетін болса, болашақта оқырмандарымыз артады деген үміт бар. 

Еліміздегі ақпарат саласында, халқымыздың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген санаулы ғана ұлттық басылым бар десек, солардың бірі «Ана тілі» газеті. «Біз оқырмандардың мүддесінен шығу үшін нақты ақпараттарды саралап салмақтап беріп отырамыз» дейді «Ана тілі» газетінің басшысы.

Жанарбек Әшімжан, «Ана тілі» газетінің бас редакторы:

- Әр басылымның өз аудиториясы бар. Енді біздің «Ана тілі» басылым кезінде Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаш алған кезден бастап құрылған. Сол Қазақстанмен бірге Қазақстанның азаттығымен, тәуелсіздігімен бірге жаңғырып бірге жасап бірге өсіп, бірге өніп келе жатқан басылым.

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы «газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегенді бекер айтпаса керек. Қолымызға алып, қалаған кезімізде тұшына оқитын, рухани азығымыз, сенімді ақпарат көзі біздің бүгініміз  бен болашағымыз үшін ауадай қажет. Ендеше қапыда қалмай, «Қазақ газеттеріне» жазылыңыздар! 

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы