383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада iQala қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 116
  • UPD: 22:41, 05.06.2019

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, жеке кәсіп бастау және жәрдемақы мен пәтер алуға құжаттарды әзірлеу.

Елордада ашылған IQALA қалалық қызметтер орталығында енді осы шаруаларды бір терезе қағидасы бойынша жүзеге асыруға болады. Жаңа нысан мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелердің және кәсіпкерлікті қолдауға арналған қаржы институттарының қызметін бір жерге топтастырып отыр. Айта кетейік, орталық Алматы ауданының аумағында ашылды. Мұнда әзірге 25 түрлі қызмет көрсетіледі. Жыл соңына дейін тағы 100-ден астамы іске қосылуы тиіс. Нысанды ашудағы негізгі мақсат - тұрмыстық жемқорлықты жою. Яғни мұнда рұқсат құжаттарына қол жеткізу кезінде бармақ басты, көз қысты әрекеттерге мүлде жол берілмейді. Себебі, қызметтер толық онлайн түрде жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы