389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау теңіз портына «Бриллиант» күзет кемесі аялдады

  • 374
  • UPD: 15:33, 06.06.2019
Ақтау теңіз портына «Бриллиант» күзет кемесі аялдады

Ақтау теңіз портына достық сапармен Ресей Федерациясының «Бриллиант» шекарашылар кемесі келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экипаж мүшелері портты қалада үш күн аялдайды. Екі ел сақшылары біріккен жедел алдын алу операцияларының алғашқы кезеңін қорытындылап, алдағы жоспарларын бекітпек. Сонымен қатар спорттық және мәдени шаралар өткізеді. Бұл сапар тәжірибе алмасу ғана емес, өз қателіктерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Браконьерлермен күрес және олардың техникалық мүмкіндіктерін талқылайды. Биылдың өзінде Қазақстан мен Ресей шекарашылары бірлесе заң бұзған 800 адамды ұстады. 100-ге жуық жүзу құралын тәркілеп, 15 346 бекіре балығын суға жіберіп, құтқарып қалды.

Талғат Төребаев, ҚР ҰҚК «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары:

- Каспий теңізінде әртүрлі қайықтар, құралдар ұсталған. Біз 59 дана ұстаған болсақ, Ресей 37 дана ұстаған. Бекіре тұқымдас балықтардың санына келетін болсақ, бізде әлдеқайда жоғары. Аудан шыққан бекіре балықтарының бәрін біз қайта теңізге тірідей жібердік. Салынған айыппұлдар қорытындысында біздікі жоғары болып тұр. 2 миллион 347 мың теңге айыппұл салдық. Ресей Федерациясы 337 мың 500 рубль.

Вячеслав Игнатенко, Дағыстан Республикасындағы шекара басқармасы басшысының орынбасары:

- Бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесі бар. Каспий теңізіндегі браконьерлердің саны жыл сайын азайып келеді. Екі жыл бұрын тыйым салынған балықтарды аулайтын қаскөйлердің саны анағұрлым көп болатын. Ақтаудағы бірлескен шаралардан соң қайта Махачкалаға аттанамыз.

Хабар 24 телеарнасы