380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада заманауи қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 113
  • UPD: 10:32, 06.06.2019
Елордада заманауи қызмет көрсету орталығы ашылды elorda.info

Елімізде алғаш рет қолжетімділік пен жайлылыққа бағытталған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«iQala» - қала билігі мен тұрғындардың арасындағы қызметтік қарым-қатынастың жаңа форматы. Аталған орталық атқарушы органдар мен коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының қызметтерін бір жерге тоғыстырып, тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Орталықты ашудағы мақсат – халық пен ШОБ өкілдерінің мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді алу процесін мейлінше оңай және жайлы жасау.

«Бүгін елорда халық үшін жаңа қызмет көрсету орталығы ашылып отыр. Орталық «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді. Барлық коммуналдық мекемелердің қызметтері бір жерге біріктірілді. Орталықтың тағы бір мақсаты – орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жандарға үлкен көмек. Қажетті құжаттарын бір орталық арқылы реттей алады. Яғни қағазбастылықтан арылатын боламыз. «iQala» сөзіндегі i – әрпі интеллектуалдық дегенді білдіреді. Мемлекеттік қызметтің сапасын одан әрі жетілдіру мақсатында жаңа ашылған орталықтың қызметін жетілдіру қажет болады. Ол үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізу қажет. Сонымен қатар орталықтың жұмысы арқылы халыққа қызмет көрсетудің қай саласында қандай кемшіліктері бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа ақылды орталық жұмысына сәттілік тілейміз», - деді орталықтың ашылу салтанатында қала әкімі Бақыт Сұлтанов. 

Болашақта орталықта 25 компания топтастырылып, барлығы 130 қызмет көрсетіледі.

Сондай-ақ, «iQala» жобасы аясында арнайы интернет-портал және мобильді қосымша жұмысын бастап, олардың көмегімен қала қызметтерін онлайн режімде алуға мүмкіндік болады.

Елордадағы Р.Қошқарбаев көшесі, 29 мекенжайында ашылған қызмет көрсету орталығы аптаның бес күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы