384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда сотқарлар айыппұл төлеуі мүмкін

  • 240
  • UPD: 15:30, 06.06.2019

Қарағандыдағы хайуанаттар бағында екі ер адам арыстан мен жолбарыс тұратын торға тас лақтырып, аңдарды ызаландырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бұл ерсі әрекеттерін баққа келген өзге тұрғындар түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктепті. Бұл көпшіліктің ашуын туғызды. Негізінен ішкі тәртіпке сай, аңдарға жақын баруға болмайды, ол үшін арнайы шарбақ та қойылған. Алайда жас жігіттер одан секіріп өтіп, аңдармен суретке түскен. Камерадағы бейнежазбада бұл анық көрінеді. Жалпы, бақ ішіне 23 камера қойылған, 3 күзетші бар. «Бірақ келушілердің барлығын торуылдап жүру мүмкін емес», – дейді мамандар. Қазір бет-бейнесі камераға түсіп қалған жігіттерді полиция іздеп жатыр. Оларға айыппұл салынуы мүмкін.

Серік Ғабдуллин, хайуанаттар бағы директорының орынбасары:

- Камераларды демалыс күндері, мереке күндері өткеннен кейін артқа айналдырып көреміз. Сол артқа айналдырып көргенде осы болған затты байқап, Қарағанды облысының полиция департаментіне хат жаздық. Осы кісілерді іздеп тауып, сол кісілерге шара қолдануды сұрадық. Негізі бізде бірінші рет бұндай жағдай болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы