389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 9500-ден астам көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

  • 293
  • UPD: 15:30, 06.06.2019
ШҚО-да 9500-ден астам көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Шығыс Қазақстанда 10 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, соның 9 500-ден астамы бұл қолдауға қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамырдың соңында құжат тапсырған қалған 625 отбасы осы айда төлемдерін қолдарына алмақ. Бұл туралы әлеуметтік қолдау жобасының іске асырылу барысы екшеленген жиында аймақ басшылығы мәлімдеді. Жалпы, аталған төлем үшін 7 миллиард теңдеген астам қаражат бөлініп отыр. Облыста сонымен қатар көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға балабақша қызметін ақысыз ұсыну сұрағы шешілді. Осылайша 3 518 жанұя мектепке дейінгі мекемелердің ақысынан босатылды. Ата-аналардың бұл  төлемін өтеу үшін облыстық бюджет есебінен 200 миллиард теңдеген астам қаражат қарастырылды. Сонымен қатар өңірде  жастардың тегін білім алу мәселесі де бір жолға қойылып келеді.

Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары:

- Біз жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін тек оқушыларға ғана емес, жалпы түлектерге мүмкіндік беріп отырмыз. Сондықтан бұл мақсатқа 6400 орын бөлдік. Сонымен қатар 1730 орын өнімді еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша бөлініп отыр. Бұның барлығы үлкен қолдау деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы