389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жас инспекторлардың ХІХ облыстық слеті өтті

  • 250
  • UPD: 15:02, 06.06.2019
Қызылордада жас инспекторлардың ХІХ облыстық слеті өтті

Жазғы каникулда балалар қауіпсіздігіне баса мән берілу керек.

Осы ретте өрендердің жолда жүру ережесі Қызылордада өткен жол қозғалысын үйлестіруші жас инспекторлардың ХІХ облыстық слетінде кеңінен сөз болды.

Шарада балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүдделі ведомство, ұйымдар мен жалпы жұртшылық назарын барынша аудару керектігі айтылды.

Балалар жол полициясы қызметінің құрылу тарихын айту, апат кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету және қиылыстарда қозғалысты реттеу бойынша біліктіліктерін көрсетті.

Слетте саптық байқау, жол қауіпсіздік ережелерінің білгірлері, үгіт бригадаларының сайысы, жас санитар, және велосипед, ролик, скейтбордты мәнерлеп жүргізу сайыстары өткізілді. Жоғары деңгейде өткен бәсеке нәтижесінде Сырдария ауданының командасы жеңімпаз атанды. Ал 2 және 3-орынды Арал мен Қазалы ауданының жас инспекторлары өзара бөлісті.

Хабар 24 телеарнасы