378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік сарапшылар еліміздегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына жоғары баға берді

  • 117
  • UPD: 20:50, 06.06.2019

Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына жоғары баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тыңғылықты жұмыс – жауапкершіліктің көрінісі. Бұл – Джорджтаун университетінің профессоры Джейкоб Зеннің пікірі. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын жіті зерделеп шыққан ол әрқайсысында елдің келешегі үшін маңызды бағыттар қамтылғанын байқаған.

Джейкоб Зенн, Джорджтаун университетінің профессоры:

– Сайлауалды үгіт-насихат маусымы өте белсенді өтті. Электорат үшін сәтті кезең болды. Оппозиция өкілі де қатыстырылған дебатты ерекше атап өте аламын. 7 үміткерге өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, халыққа ашық жеткізуге мүмкіндік берілді. Менің ойымша, қазақстандықтар осы арқылы қандай кандидаттың көзқарасы өзінікімен сәйкес келетінін бағамдай алғандай.

Хабар 24 телеарнасы