378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Журналист Галина Полевая көмекке зәру

  • 175
  • UPD: 22:14, 06.06.2019

Әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық тележурналист Галина Полеваяның еміне қажетті қаражат жинау жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарты жыл бұрын қазақстандықтар әріптесіміздің ауыр дертке шалдыққаны туралы хабардар болған еді.

Мейірімді жандар шама-шарқына қарай ақша жинап, Галинаның шетелдегі емді бастауына көмек берді. Жілік майын ауыстыру операциясы мен сәулелік терапия курсы сәтті өтті. Бірақ кеселден құлан таза айығу үшін тағы бір операция мен сауықтыру курсы қажет.

Галина Полеваяның репортаждары олимпиада чемпиондарының шығып, спортсүйер қауымның көбеюіне үлкен үлес қосты. Азиада, Олимпиада ойындарын жүргізіп, спорттағы мақтаныштарымыз туралы деректі фильмдер түсірді. Олардың кейбірі енді ғана спорттық жолын бастаған еді. Галина Полеваяның сюжеттері арқылы қалың көрермен мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қалай өсіп, жетілгенін көрді. Галина білікті репортер және жақын дос бола білді.

Юлия Галышева, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

– Құрметті достар! Галина Полеваяға көмектесіп жіберейік. Оған өте күрделі ем қажет. Қолұшын созбасақ болмайды. Ол спорттық журналистика үшін көп еңбек сіңірді. Бізбен бірге Олимпиадада болып, бізге үлкен қолдау көрсетті. Енді өзі де көмекке мұқтаж. Бей-жай қарамайық, әркім әліне қарай ақша аударса. Спортсүйер қауым өзінің сүйікті тілшісін қараусыз қалдырмайды деп білемін.

Спорт туралы білетіні көп болғандықтан, Галинаның репортаждары көрермен көңілінен шықты. Өзі де көркем гимнастикамен айналысты. Қазақстан құрамасының мүшесі болды, спорт шебері дәрежесіне дейін жетті. Спорттық мансабы аяқталған соң бапкерлікпен айналысты. Галинаның шәкірттері де қысылтаяң шақта шет қалған жоқ. Бір отбасы үшін қомақты қаражатты жабыла жинасақ жеңіл емес пе. Егер әрбір үшінші қазақстандық 10 теңгеден аударса соңын өзі жеткілікті. Бірақ бұл көмектеріңіз Галинаға өміріндегі ең маңызды жеңіске жетуіне көмектесер еді.

Ислам Байрамуков, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері:

– Керемет адам. Жүзі жарық. Сондай бір кәсіби түрде белгілі маман. Қазақта бір жақсы сөз бар. «Көп түкірсе, көл болады» дейді. Сондықтан құрметті ағайын, осы шетте қалып қалмай, бір мүмкіндік болса, сол кісіге қол ұшын созып, көмек жасасақ жақсы болар еді.

Журналистің жанұясы әлеуметтік желіде ақша жинауды жалғастыруда. Фейсбуктегі «Галина Полеявая өмір сүр» және Инстаграмдағы @mama_zhivi парақшасында барлық есептер мен алда өтетін жәрмеңкелердің, өзге де іс-шаралардың жоспары және қажетті реквизиттер жазылған.

Halyk bank (тг): 4390 8722 0191 7707

Kaspi Gold (тг): 5169 4931 6910 9462

Сбербанк ($): 5392 1500 0135 2044

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Серік Бақбаев

Хабар 24 телеарнасы