382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды

  • 124
Таразда есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды

Таразда синтетикалық есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалар жасаған жігіт қолға түсті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше ол үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртына есірткінің таралуына қатысты жазба қалдырып отырған. Күдікті 19 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазір ол кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылған көрінеді. Ал, табылған граффити-жазулар жойылып, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы