379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық кәсіпкер көп балалы 11 отбасына үй сыйлады

  • 160
Қарағандылық кәсіпкер көп балалы 11 отбасына үй сыйлады

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақадыр кентінде тұратын көп балалы 11 отбасыға осы өңірден шыққан қалталы кәсіпкердің бірі үй сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жомарт жан зәулім баспаналардың ішін жаңа жиһазға толтырған. Үй ауласында шаруашылық нысандары бар. Ал бау-бақша үшін жер учаскесі жеткілікті. Қоныстой иелері мұндай тосынсыйды күтпесе керек, жерлестеріне дән риза. Олардың көпшілігі 10 жылдан астам үй кезегінде тұрған. Жалпы бүгінде Шет ауданында 40-тан астам көп балалы отбасы бар. Биыл мұнда 32 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталмақ және келесі жылы екі бірдей көп қабатты үй тапсырылады. Ал жыл соңына дейін облыс бойынша 700 пәтер кезекте тұрған мұқтаж жандарға үлестірілмек. Олардың үштен бірі – жергілікті бизнесмендердің тартуы.

Фарида Көмекова, Ақадыр кентінің тұрғыны:

– 2013 жылдан бастап кезекте тұрғанбыз. 15 жыл үйді жалға алып тұрдық. Бәріміз қуанып жатырмыз. Өте тамаша, есіктің алды, ауласы да кең, балаларға ойнағанға қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы