378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоғамдық көлікте жүру тегін болады

  • 314
  • UPD: 08:52, 07.06.2019

Екі күннен кейін елімізде Президент сайланады. Әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырады. Бүгінде әр сайлау бөлімшесі саяси науқанға әзірлігін пысықтап қойған. 

Елордадағы білім-инновация лицейі. Мұнда номері сексенінші сайлау учаскесі орналасқан. Тоғызы күні бұл жерге 3 мыңға жуық адам келіп, өз таңдауын жасамақ.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Бұл участокке 2870 адам тіркеулі. Оның ішінде алғаш рет дауыс беретіндері бар. Қазір мәжіліс залы саяси науқанға сақадай сай.

Жеңіс Телемісов, №80 сайлау бөлімшесінің төрағасы:

- Бюллетеньдер салатын урнамыз бәрі дайын. Мына жақта да жаңағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орын арнайы комьютермен жабдықталған. Светильниктер орнатылған. Мынау жаңағы комиссия төрағасы мен хатшысының орындары, мына жақта келген бақылаушылардың орындары. Былайша айтқанда толық сайлауға дайын.

Тоғызы күні елде 10 мыңдай сайлау учаскесі жұмыс істемек. Дені мегаполистерде орналасқан. Мәселен, Шымкенттегі 750 мыңдай адам 260 участокке бөлінген. Дауыс беру үшін. Соның бірі номері 221-участок. Мұнда да барлығы тап-тұйнақтай. Саяси науқанға әзір. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше жағдай жасалыпты.

Жанна Құлбекова, №221 сайлау уческесінің төрайымы:

-Жеті кабинаның біреуі арнайы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған. Бұл уческеде мүмкіндігі шектеулі 11 адам дауыс береді.

Елдегі сайлау уческелері тоғызы күні таңғы сағат жетіде ашылады. Тек әскери бөлімшелерде, демалыс орындары мен кей денсаулық сақтау және түзету мекемелеріндегі 48 учаске ғана өз жұмысын бір сағатқа ерте бастайды. Ауысымға байланысты.

Сауда саласында қызмет ететіндер де сайлау күні кешікпей дауыс бере алады. Айталық, бұл күні елордадағы базарлар түстен бастап ашылады. Бір бұл емес. Маусымның тоғызында бірнеше қалада оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарларында жұртшылық қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Атап өтейік, сайлау күні жерлесіміз, боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға шығады. Бұл жолы отандасымыз канадалық Стив Роллспен сынға түспек. Сондықтан дауыс берушілер осы кездесуді тікелей эфирде тамашай алу үшін кей сайлау учаскелеріне теледидар қойылмақ.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы