389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жалғыз қалайы кен орнында тонна топырақтан тек жарты грамм металл шығады

  • 462
  • UPD: 11:04, 07.06.2019

Солтүстік Қазқстан облысында қалайы кен орыны игеріле бастады. Қазір Сырымбетте жер қыртысын қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Геологтардың айтуынша, кеннің қоры 150 мың тоннадан асады. Бұл ондаған жылға жетеді.

Бұл Қазақстандағы жалғыз, ал Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бағалы металл жер астында 230 метр тереңдікте жатыр. Геологтардың пайымынша, 1 тонна топырақтан тек жарты грамм қалайы шығады.

Сергей Волков, бас геолог:

- Техникалық өңдеуде дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Бәрін бүге-шігесіне дейін есептеп шықтық. Бұл өндіріс кезіндегі шығынды азайтады. Сондықтан да көп уақыт кетті.

Бұл жер қойнауын пайдалану саласындағы серпінді жобалардың бірі болмақ. Оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан инфроқұрылым тартылды. Су, жарық, жол үшін ел қазынасынан 2 млрд теңге бөлінді. 50 МегаВаттық электр станциясы салынды. 

Дмитрий Хван, компанияның вице-президенті:

- Бұл біздің жоба үшін зор қолдау. Қанша қаржы үнемделді. Осылайша мемлекет жер қойнауын пайдаланушыларға жол ашып отыр.

Қазақстандағы қалайының 65 проценті осы Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ал Сырымбет тау-кен байыту орыны әлем бойынша үздік ондыққа кіреді. Кешенде 600 адам жұмыс істейді.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Бұл жобаның іске асырылуын біз 18 жылдай күткенбіз да. Биыл мамыр айында жер жұмыстары басталды. 100 гектардың көлемінде жер жұмыстары басталды. Біздің облысымыз үшін ол ең ірі инвестициялық жоба. Инвестиция көлемі 100 млрд теңге болып табылады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Ал келесі жылы мұнда тау-кен комбинатының құрылысы басталады. Өндіріс ошағы жылына 10 мың тоннаға жуық таза қалайы шығарады деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы