384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік БАҚ өкілдері Қазақстандағы президент сайлауынан ақпарат таратуға дайын

  • 67
Әлемдік БАҚ өкілдері Қазақстандағы президент сайлауынан ақпарат таратуға дайын

Әлемдік БАҚ өкілдері Қазақстандағы президент сайлауы туралы ақпарат таратуға дайын.

Олардың қатарында британиялық масс-медиа да бар. Нұр-Сұлтан қаласына «The London Post» басылымының бас редакторы Шахид Куреши келеді. Ол бұған дейін ВВС телеарнасында саяси сарапшы қызметін атқарған. Қауіпсіздік, терроризммен күрес және сыртқы саясат тақырыбында қалам тербейді. Ол бірнеше рет Еуразиялық Медиа форумға сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезіне қатысқан.

Шахид Куреши, «The London Post» бас редакторы:

- Біз дауыс беруге арналған бірнеше учаскені араламақшымыз. Сонымен қатар, олардың ресми өкілдерімен кездесеміз. Біз сайлаушылар жоғары белсенділік танытатындығына еш күмәнданбаймыз. Өйткені қатысушылар көптеп келсе сайлау да жоғары деңгейде өтеді. Бұл сайлау елдегі демократиялық дамудың жаңа кезеңі болары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы