389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың 25 проценті сайлауда алғаш рет дауыс береді

  • 440
  • UPD: 10:26, 07.06.2019

Бұл кәмелеттік жасқа енді толған жастардың өміріндегі ерекше сәт. Азаматтық құқығын дұрыс өтеу үшін нені ескеру керек? 

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Әрбір сайлаушы сайлау учаскесіне бармас бұрын сайлаушы ретінде тіркеуде бар ма, жоқ па осыны анықтап алуы шарт. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына кіріп, өзіңіздің жеке сәйкестендіру номеріңізді тересіз учаскенің номерін білген соң, дауыс беруге жол тартасыз.

Өзге де өңір тұрғындары облыс немесе қала әкімдіктерінің ресми сайттарына өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы өзінің сайлаушы ретінде тіркелгенін тексере алады. Кері жағдайда тұрғылықты немесе уақытша мекен-жайы бойынша тіркеліп, қолындағы анықтамасымен өз ауданына қарасты сайлау учаскесіне барса да болады. Ал белгілі бір қалада қонақтап жүрген азаматтар сенімді өкілі атынан дауыс беруге құқылы.

Мұхтар Бейсенов, «Аманат» азаматтық платформасының үйлестірушісі:

- Ешкім сізді біреуге дауыс бер деп мәжбүрлей алмайды. Яғни бұл үшін тиісті жаза бар. Сайлау күні қандай құқықтары бар, бұл ең алдымен сағат таңғы жетіден кешкі сегізге дейін келу. Келген кезде сіз жеке құжатыңыpды, паспортыңызды немесе әскери билетіңізді көрсетуге болады. Сол арқылы сіз тиісті бюллетеньді аласыз. Бюллетеньді алған кезде комиссия мүшесі сайлаушылар тізіміне сіздің фамилияңыздың қасына өз қолын қояды.

«Аманат» үкіметтік емес ұйымы 50-ден астам қоғамдық бірлестіктің қолдауын алды. Осы арқылы бас шаһардағы сайлау учаскелерінің барлығы қамтылады, деп күтілуде. Байқаушылардың 30 проценті жастардан, 20 проценті зейнеткерлерден және қалған жартысы орта жастағы азаматтардан құралған.

Баян Ахметжанова, «Аманат» азаматтық платформасының қоғамдық пікір көшбасшысы:

- Бақылаушы бір жұмысты белгілесе, көзінше заңға сәйкес бірдеме болса, ол кісі актті толтырады, менің учаскем болса маған звондайды ғой, мен өзімнің қалалық штабыма звондаймын, олар республикалық штабқа звондайды. Ол расында да көзді жарып тұрғандай не болса, онда қағаздар дайындалып прокуратураға кетеді. Прокуратура ол күні жұмыс істейді міндетті түрде.

Бүгінде ел бойынша азаматтарды сайлауға қатысуға үндейтін бейнероликтер жарияланып, парақшалар таратылып жатқаны белгілі. Мәселен, осы бағытта өскемендіктер ерекшеленді. Жергілікті белсенділер қала тұрғындарын сайлауға дәстүрлі әдістермен қатар әуеде дронмен жалауша желбіретіп шақыруды да жөн санапты.

Асылбек Абдурашитов, «Аманат» азаматтық алаңы қалалық штабының басшысы:

- «Аманат» азаматтық платформасы тек республикалық деңгейде ғана қолданылады. Осы республиканың ішінде ғана. Яғни бұл шетелдің азаматтары, шетелдің студенттеріне немесе қоғамдық белсенділері қалып қалмайды. Сайлау учаскелерінде болатын құқық бұзушылықтар болса, яғни атап өткендей, бюллетеньге дұрыс саналмауы, таңертең қанша бюллетень келеді, сайлау аяқталған кезде қанша бюллетень болады, соның барлығын санақтап алады.

Ал ертең сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылып, тыныштық күні басталады. Ал 9 маусымда елордамызда 204 сайлау учаскесі жұмысын бастайды.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ғани Алшынбаев, Аят Дүйсебаев

Хабар 24 телеарнасы