379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда сайлау күні Red Bus туристік автобустарда экскурсия тегін өтеді

  • 257
  • UPD: 09:41, 07.06.2019
Нұр-Сұлтанда сайлау күні Red Bus туристік автобустарда экскурсия тегін өтеді

Жазғы маусымның ашылуына және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 9 маусым күні Red Bus экскурсиялық автобустарында сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия AiLand (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады. Бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы. Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Хабар 24 телеарнасы