389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беруге жағдай жасалмаған

  • 351
  • UPD: 10:57, 07.06.2019

Кейбір сайлау бөлімшелерінде Азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалмаған.

Бұл туралы «Аманат» азаматтық платформасы Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі Бектай Орманов мәлімдеді. Оның айтуынша, «аманаттықтар» өңірдегі аумақтық сайлау бөлімшелерінің саяси науқанға дайындығын тексеру барысында бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Атап айтқанда «мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау бөлімшелеріне еркін кіріп-шығуына жағдай жасалмаған». Бақылау тобы сәуір айынан бастап іске кірісті. Нәтижесінде өңірдегі барлық аудан-ауыларды аралап шықты. 9 маусым күні олар саяси науқанның әділ әрі талапқа сай өтіуін бақылап, мониторинг жүргізеді. Айта кетейік, Түркістан облысында  889 сайлау учаскесі бар. Олардың әрқайсысына мобильді капитандар сайланған.  

Бектай Орманов, «Аманат» азаматтық платформасы облыстық өкілдігінің жетекшісі:

- Кейбір сайлау учаскелеріне барған кезде мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмаған екен. Сайлау комияссиясының мүшелері бізге былай жауап берді. Өйткені, тізім бойынша бізде мүмкіндігі шектеулі азаматтар  тіркелген жоқ.  Біздің сайлау бөлемшесіне келетіндердің арасында ондай азаматтар жоқ. Сол себепті қажеттілік болмағасын орнатпадық деді. Тағы бір кемшілік, сайлау учаскелердің ішінде желдеткіштер жоқ. Бірақ Түркістан облысы ыстық өңірлердің бірі. Ал желдеткіш қаралмаған.

Хабар 24 телеарнасы