389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда сайлау күні қала базарлары сағат 12-ден бастап жұмыс істейді

  • 386
  • UPD: 10:43, 07.06.2019
Нұр-Сұлтанда сайлау күні қала базарлары сағат 12-ден бастап жұмыс істейді Давай Сходим!

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу күні қала базарлары сағат 12-ден бастап жұмыс істей бастайды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты қала базарларының басшылары осындай бастаманы көтерді. Мұндай шешім кәсіпкерлер мен сауда нысандарының қызметкерлері өздерінің азаматтық ұстанымын белсенді көрсетіп, сайлауға қатысуы үшін қабылданып отыр.

Осылайша, 9 маусым күні елордадағы 17 сауда орны жұмысын сағат 12:00-ден бастайды: «Артем», «Көк базар», «Ұлжан», «Орталық», «Әсем», «Алай», «Эталон», «Сапар», «Әмір», «Алтай», «Көктал», «Сәлем», «Шарын», «Сарыарқа», «Керуен», «Шапағат», «Он-Олжа».

Хабар 24 телеарнасы