389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау күні Алматыда 554 учаске ашылады

  • 403
  • UPD: 10:58, 07.06.2019

Сайлау күні Алматы қаласында 554 сайлау бөлімшесі ашылады. 1 млн 130 мыңнан астам сайлаушы осы күні өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

Қазақ ұлттық Аграрлық Университетінде  қаладағы ірі сайлау учаскелерінің бірі орналасқан. Қазір мұнда қауіпсіздік шаралары тиянақты тексерілуде. Кинологтар, арнайы  үйретілген иттермен ғимараттың әрбір бұрышын тінтіп жүр. Сайлау күні мұнда 2,5 мыңнан астам адам дауыс береді деп жоспарлануда.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап, арнайы кабиналар қойылған.

Серік Бекбосынов, № 378 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Бізде арнайы жолдар, сол үшін пандус қарастырылған. Енді сайлау барысында  мүгедек сайлаушы мына жерде арнайы қоңырау бар. Сонымен белгі береді. Сол арқылы біз пандуспен көтеріп, бері қарай жеткіземіз. Одан кейін осы мүгедектерге арналған жеке кабинада ол өзінің дауысын беру мүмкіншілігі қарастырылған бізде.

Алматы қаласы бойынша 554 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Әрбір сайлау учаскесінде заң талабына сәйкес кабиналар  мен урналар қойылып, комиссия мүшелері мен байқаушыларға арнайы  орындар белгіленген.  Ең бастысы, сайлаудың әділ өтуіне барлық жағдай жасалған дейді, ұйымдастырушылар.

Жанна Асанова, Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы:

- Негізіне келсек, сайлау туралы заңға өзі де өте әділ, ашық түрде бәрі де жарияланып жазылған. Сондықтан сайлау учаскелерінің, сайлау комиссияларының жұмысы  сол әділдік пен айқындықты ашықтықты қадағалау үшін қамтамасыз ету үшін бүкіл жағдай жасалынған. 

Алматы - жастар қаласы. Ал жастар 9 маусым күні өз таңдауымызды жасаймыз деп, белсенділік танытып отыр.

Айсұлу Көлжігітова, студент:

- Мен 1-курс студентімін. Және де осы жылы алғаш рет Президенттік сайлауға қатысқалы тұрмын. Және де осы Президенттік  сайлауға міндетті түрде барамын. Осы Президенттік сайлауға қатысу арқылы өзімінің болашағымды таңдаймын. 

Ауруханалар мен шипажайлар және әскери гарнизондар сынды арнайы мекемелерде 9 маусым күні арнайы сайлау учаскелері жұмыс істейтін болады. Ал сайлау учаскелеріне келе алмаймын деп, алдын ала өтініш тастаған қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне арнайы урналар жеткізілетін болады дейді, қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

Авторлары: Алуа Маханбет, Валентин Лобанова

Хабар 24 телеарнасы