384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау күні тәртіп сақшылары күшейтілген режімде жұмыс істейді

  • 148
  • UPD: 11:45, 07.06.2019
Сайлау күні тәртіп сақшылары күшейтілген режімде жұмыс істейді

9 маусым ҚР кезектен тыс президенті сайлауы күні ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«9 маусым күні еліміз бойынша полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Себебі ҚР Сайлау туралы заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Бұл шараға бюджеттен ешқандай да қосымша қаржы бөлінбейді. Әр өңірдің тәртіп сақшылары өз аймағына жауап беретін болады. Тағы бір айтып өтетін жайт, Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі қалаларға қосымша полиция күші тартылмайды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитінің төрағасы Мақсат Байболов баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, комитет төрағасы сайлау күні қанша полиция қызметкері жұмыс істейтінін айтып өтті.

«Бұл күні тәртіп сақшыларының қызметін максималды түрде қолданатын боламыз. Атап айтсақ, сайлау учаскелерінің өзінде 19 мың полиция тартылады, одан бөлек, көшедегі қоғамдық тәртіпті қадағалаумен 10 мың полиция қызметкері айналысады. Яғни сайлау күні жалпы саны 30 мыңдай тәртіп сақшысы жұмыс істейді», - деді ол.

Одан бөлек, М.Байболов қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда тәртіп сақшыларының қалай әрекет ететіні туралы сөз қозғады.

«Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда, ол дегеніміз қоғамдық орында жұрттың мазасын алу, ішімдік ішу және тағы да басқа әрекеттер. Ондай жағдайда заңға сәйкес шара қолданылады. Одан басқа біз полицейлерге қандай да бір қосымша нұсқаулық бермейміз», - дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінде полиция қызметінің 60% жаяу жүру тәртібіне көшкен.

Хабар 24 телеарнасы