378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да суға кетіп бара жатқан әйел мен баланы құтқарған сарбаз марапатталды

  • 82
  • UPD: 12:13, 07.06.2019
СҚО-да суға кетіп бара жатқан әйел мен баланы құтқарған сарбаз марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында суға батып бара жатқан әйел мен баланы құтқарып қалған сарбаз марапатталды.

Оқыс оқиға мамыр айының 29-ы күні Уәлиханов ауданына қарасты Бидайық ауылында тіркелді. Бес жастағы бала мен оның анасы өзеннің арғы бетіне апатты көпірдің үстімен өтпек болған. Ортасына жете берген кезде тақтай сынып, бес жастағы бала құлап кеткен. Кейін артынан жүзе білмейтін анасы да суға секіріпті. Осы кезде өзен жағасында демалып отырған Сергей жағдайды көре сала құтқаруға бел буған. Ер жүрек батырдың еңбегі еленіп, медаль табысталды.

Сергей Гайдай, ҚР ҰҚК шекара қызметінің аға нұсқаушысы:

- Әйелге дейін жүзіп барып, жан-жағыма қарасам бала жоқ. Сүңгіп, сол маңды іздей бастадым. Кимі қолыма легіп, екеуін жағаға алып шықтым. Ол кезде бала ес-түссіз жатты. Екі мәрте оны қолдан демалдырдым. Кейін ол есін жиды.

Хабар 24 телеарнасы