378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 543 сайлау учаскесі дайын тұр

  • 144
  • UPD: 14:25, 07.06.2019

Ертіс өңірінде кезектен тыс президент сайлауында ашылатын 543 учаске әзірлік жұмыстарын аяқтап жатыр.

Қазіргі таңда дауыс беру орындары сақадай сай. Олардың 23-сі «жабық» сипатта, яғни, түзету мекемелері, әскери бөлімдер сияқты орындарда орналасқан. Айта кетейік, маңызды науқанға дайындық шеңберінде өңірдің қала-аудандарында 13 колл-орталық жұмыс істеді. Басты мақсат - сайлаушыларға өз учаскелерін тауып, тізімдерін нақтылау. Сонымен қатар, науқанға атсалысатын аумақтық және учаскелік комиссиялардың мүшелері оқу курстарынан өтті.  Бүгінгі күнге дейін президенттікке кандидаттардың 1400-ден астам сенімді тұлғасы тіркелді. Облыстық сайлау комиссиясының өкілдері тұрғындарға дауыс беру барысында олқылықтарға жол бермеуге кеңес берді. Себебі сайлаудың ретімен өтуіне әр азамат үлесін қосуы керек.

Гүлнәр Аманжолова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:

- Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз дауыс беру үшін маңызды істер атқарылды. Барлық сайлау учаскелері қажетті құралдар және мүгедектерге арналған бұрыштармен қамтылды. Бұрыштар компьютер, аудио-бейне материалдармен қамтылды. Сайлау туралы ақпараттар Брайль қарпімен де жазылды. Ал төсек тартып қалған азаматтар өз үйлерінде дауыс береді. Бұл іске жауапты мамандар бекітілді.

Хабар 24 телеарнасы