389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жемқор мемқызметшілерден тәркіленген картиналар көрмесі өтті

  • 235
  • UPD: 15:14, 07.06.2019

Шымкенттегі Түркістан облыстық бейнелеу өнері мұражайында ерекше көрме өтті.

Оған жемқорлыққа шатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған шенділерден тәркіленген бағалы суреттер қойылды. Әлемдік деңгейдегі қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан 500-ден астам сирек кездесетін өнер туындылары жұрттың назарына ұсынылды. Олардың арасында Айвазовский, Шишкин, Серов, Рерих, Хальцман, Герхард Йогансонның және басқа да белгілі суретшілердің туындылары бар. Мұражай директоры Айнабек Мыңжасарұлының айтуынша, 400-ден астам құнды сурет, 89 шағын мүсін, 80 сирек кездесетін кітап пен 10-нан астам бағалы зергерлік бұйым мұражайға сот арқылы тапсырылған.

Данияр Сабырбаев, ҚР МҚІСЖҚІҚА  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры:

- Жемқорлықпен айналысып, қазір жазасын өтеп жатқан шенділерден тәркіленген барлық дүние-мүлік жариялы түрде қоғам назарына ұсынылуы керек. Бұрын мұндай дүиелер жалпақ жұртқа көрсетіле бермейтін болса, қазір қоғамның ортақ меншігі болып саналады. Музейге келушілер біріншіден сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін көрсе, екіншіден әлемдік деңгейдегі ұлы қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысады.

Хабар 24 телеарнасы