389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет соя дақылы егілді

  • 278
  • UPD: 14:27, 07.06.2019
Елімізде алғаш рет соя дақылы егілді

Елімізде алғаш рет сояның жаңа сорты өсіріледі. Солтүстік Қазақстандағы 14 мың гектар аумаққа әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие соя егілді.

Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында  ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Айтуынша, бұл жолғы өнім келесі жылға тұқым ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ, келесі егін науқанында 150 мың гектар жерге соя егу жоспарда бар. Себебі бұл дақыл үлкен сұранысқа ие. «Солтүстік соя» бағдарламасы жүзеге асса, 5 жыл ішінде осы өнім алқабы 1,5 миллион гектарға жетеді. Тіпті, гектарына 25 центнерге дейін өнім алуға болады. Айта кету керек, жалпы биылғы егістік науқанына қазынадан 60 миллиард теңге қаражат бөлінген. 

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Жалпы егіс алқабы 19 млн гектарды құрап, оның ішінде дәнді дақылдар 14,5 млн гектар, майлы дақылдар 2,7 млн гектар, көкөніс және бақша дақылдары, картоп  458 мың гектар, мал азығы дақылдары 1,2 млн гектар, техникалық дақылдар оның ішінде қызылша, мақта 144 мың гектар алқапты қамтыды.

Хабар 24 телеарнасы