389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте газ сақтау қоймасындағы өрттің себебі анықталды

  • 464
  • UPD: 15:29, 07.06.2019

Шымкентте Тассай кентіндегі газ сақтау қоймасындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Отырар.

Бұдан бұрын Шымкентте газ толтырылған цистерналардың бірі жарылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

«Сағат 11:03-те Шымкент қаласындағы Жібек Жолы көшесі, 1 мекенжайы бойынша газ сақтау қоймасының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. 3-шақыру бойынша жарылыс қаупіне байланысты күштер мен құралдар жіберілді.

«Мұраз» ЖМҚС аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 200 текше метрлі 2 бос газ сақтау цистернасы бар, бір цистерна ашық отқа оранған, екіншісі қоршауға алынған. Сондай-ақ, жанар-жағармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 7 шаршы метрлі автоцистерна және 50 текше метрлік 2 автоцистерна жарылды», - деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Басқарманың мәліметінше, мекеменің қызметкері - 1999 жылы туылған Анар Ерлан Еркінбекұлы күйіп қалған. зардап шеккен азамат жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Өрт 12:21-де оқшауланды.

Тілсіз жауды сөндіруге 21 техника және 90 қызметкер жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы