387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша репродуктолог дәрігер жетіспейді

  • 317
  • UPD: 15:23, 07.06.2019
Еліміз бойынша репродуктолог дәрігер жетіспейді

Елімізде бедеулік мәселесі өзекті тұр. Мамандардың мәліметінше әрбір 5, 6-жұп осы қиындықты басынан өткереді екен.

Тек ғана Шығыс Қазақстанда жасанды ұрықтандыру әдісін қолдану үшін 600 әйел кезекте тұр. Ал ел бойынша репродуктолог дәрігерлер жетіспейді. Аталған жолмен бала көтеруге қажетті дәрі-дәрмектер де тым қымбат. Дегенмен, көршілес Ресейге европалық өндірушілер сол дәрілерді біршама арзан бағамен жеткізіп отыр.  Өскеменде өткен ғылыми-тәжерибелік басқосуда осы сынды кедергілер талқыланды. Саланың мықты мамандары бедеулікті емдеу технологиясын алыс өңірлерге жеткізу ең маңызды шешім деп санайды. Мәселен бұл бағытта Өскеменде арнайы клиника ашылды.

Салтанат Байқошқарова,  емдеу бойынша орталықтар жүйесінің ғылыми директоры:

- Бедеулікті емдеу технологиясы әртүрлі  өтеді.Бір адам үшін бір ай ғана созылса енді біреу үшін бірнеше айға,кейбіреу үшін бір жылға созылуы мүмкін.Сондықтан мысалы осы облыстың тұрғындары ұзақ уақыт бойы Алматы немесе Нұрсұлтанда тұра алмайды ғой. Сол себепті бұл әдісті біз қолжетімді етуге тырысып жатырмыз. Осы жолы міне Өскеменде ,ал келесі жолы Семей қаласын жоспарлауымыз мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы