380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Халыққа жақын» акциясы өтті

  • 128
Оралда «Халыққа жақын» акциясы өтті

Орал қаласының тұрғындары мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатысты сауалдарын сыбайлас жемқорлықпен күресетін мекеме басшыларына тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Азаматтарды қабылдау халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Бүгінде мемлекеттік қызмет түрлерінің басым бөлігі орталыққа берілгені мәлім. 621 қызметтің 67% электронды форматта көрсетіледі. Жыл басынан бері мұнда 700 мыңдай құжат қабылданған. «Халыққа жақын» акциясының мақсаты осы саладағы түйткілді мәселелерді анықтап, елдің ұсыныс-пікірлерін ескеру. Сондай көпшіліктің көңілінен шықпайтын жайттың бірі кезектің көптігі екен. 

Бауыржан Ибрашев, ҚР МҚІСЖҚІА облыстық департаментінің басқарма басшысы:

- Көбінесе әлеуметтік қамтамасыз ету, кезекке тұру үйге, жерге және де тіркелу тұрғылықты мекенжайға. Көбі адамдардың әлі біле бермейді электронды үй кітапшасы бар, оны алу үшін электронды сандық қолтаңба керек екенін біле бермейді халықтар. Соның салдарынан орталықта кезек пайда болу әсері сол.

Хабар 24 телеарнасы