389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 20 мың гектар жерге соя егілді

  • 375
  • UPD: 23:26, 07.06.2019
СҚО-да 20 мың гектар жерге соя егілді

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәлімет бойынша, биыл диқандар 4 млн 2 мың гектар жерге дән септі. Оның 1 млн гектары – майлы дақылдар. Мемлекет тарапынан агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен жанар-жағармай берілді. Агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін шаруаларға 40 млрд теңгеден астам субсидия бөлініп отыр. Өңірде егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жүйелі жалғасып келеді.

Ерболат Бекшенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Биыл ауа райы жақсы болды. Соған қарағанда егін себу жұмыстарын уақытында бітірдік. Облыс бойынша биыл соя септік. Сояның себілген жері 20 мың гектар болды.

Хабар 24 телеарнасы