389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында көктемгі егістік науқаны аяқталды

  • 245
  • UPD: 23:25, 07.06.2019
Ақтөбе облысында көктемгі егістік науқаны аяқталды

Биыл өңір бойынша 628 мың гектардан астам алқапқа тұқым себілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басым бөлігі әдеттегіше дәнді-дақылдар болса, қалғаны майлы дақылдар мен мал азығы және көкөніс, бау-бақша түрлері. Мамандар биыл егістің шығымы мол болады деген үмітте. Себебі дән себілмес бұрын алқаптар химиялық өңдеуден өтіп, жоғары сұрыпты тұқым себілген. 

Диас Ерғалиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Биылғы жылы бізде жаңа дақыл – жасымық егілді. Одан тыс қуаңшылыққа төзімді мақсары дақылының алқабы ұлғаюда. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге артты. 11 мың га алқапта себілді. Одан тыс сүрлемді жүгері себілуде. Бұрын егілмеген Әйтеке би, Алға, Қобда және Хромтау аудандарында себілді.

Хабар 24 телеарнасы