378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде күн электр стансалары бой көтереді

  • 123
  • UPD: 23:24, 07.06.2019

Қазақстанда қуаты 300 МВт болатын күн электр стансалары салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба алдағы екі жылда «Самұрық-Қазына» мен «Хевел» компаниясы арасында жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асады. Ресейлік компания еліміздің оңтүстік аумағында жалпы қуаты 70 МВт болатын екі күн электр стансасын салу бойынша аукцион жеңімпазы атанды.

Елдегі энергетиканы дамытудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруда «Самұрық-Қазына» қорының рөлі орасан. Петербордағы халықаралық экономикалық форум аясында «Хевел» компаниялар тобы мен «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниялары меморандумға қол қойды. Оның негізінде еліміздегі күн энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыруға инвестиция құйылмақ.

Бұған дейін «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен қуаты 100 МВт болатын Орталық Азиядағы ірі күн электр стансаларының өндірісі іске асқан. Жамбыл облысында орналасқан Бурное станциялары көмірқышқыл газының шығындарын жылына 120 мың, күкірт диоксидін 1800 тоннаға азайтуға жол ашады. «Самрұқ-Қазына» «Хевел» компаниялар тобымен бірлесіп қуаты 300МВт болатын күн стансаларын салмақшы. Жалпы, «Хевел» компаниясының инвестор ретінде таңдалуы тегін емес. Аталған компаниялар тобының бас директоры Игорь Шахрайдың айтуынша, олар 2014 жылдан бері Ресейдің бірнеше аймағында күн электр станцияларын салды. Тараптар әріптестік байланысты нығайта беруге уағдаласты.

Айта кетейін, елімізде 6 жылдан бері «Жасыл экономикаға» ден қойылып келеді.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы