378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында әлеуметтік нысандар құрылысына 258 млрд теңге бөлінді

  • 146
  • UPD: 23:23, 07.06.2019

Мұнайлы өлке Атырау облысында соңғы төрт жылдың ішінде жолдар мен әлеуметтік нысандарды салуға 258 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан басқа қалдықтарды тазарту қондырғыларын салу, тұрғындар үшін жаппай демалыс орындарын ашу, шалғайдағы елді мекендерге газ және су тасымалдау үшін қаржы бөлінуде. Бұл жұмыстың барлығы өңірді көркейтіп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. 

Тек 2016-2018 жылдары ғана облыста әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлер мен жолдарды салу үшін 255 жобаға 130,7 млрд теңге бөлінді.

Жақсылық Жанұзақов, экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы:

- Олардың 41-і – оқу орындары, 10-ы – денсаулық сақтау, 9-ы – мәдениет және 11-і – спорттық нысан, 106-сы – әлеуметтік тұрғын үй. Сондай-ақ осы кезеңде облыста 815 шақырым жол төселді. 

Ал биыл 104 жобаға 127,3 млрд теңге қарастырылды. 
Бюджет қаржысын бөлуде негізгі басымдық білім беру, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, жолдар мен денсаулық сақтау нысандарына беріледі. Өткен екі жылда облыс 14 мектеп пен 25 балабақша салынды. Бұл көрсеткішітер көпшіліктің де көңілінен шығып отыр.  

Ержан Нұрқасымов, Атырау қаласының тұрғыны:

- Соңғы 4-5 жылдың ішінде облысымыз бойынша өзгерістер бар. Атап айтсақ, көптеген мектептер, балабақша, ауруханалар салынып жатыр. Оның үстіне ауылдардың ішкі жолдары, қаланың да ішкі жолдары салынып жатыр. Әрине, бұрынғы жылдарға қарағанда өзгеріс бар, осындай өзгерістер бола берсе екен дейміз. Негізі Атырауымыздың көркейіп келе жатқаны көрініп тұр.  

Құрылыс саласындағы қарышты жобалар әлі де жалғасады. Мәселен, биылғы жылы барлық проблемалық мәселелерді жабуға мүмкіндік беретін 25 білім беру нысанын салу үшін қаражат бөлінді.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы