378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа валютаның енгізілуі туралы жалған мәлімет таратқандар жазаланады

  • 207
  • UPD: 23:23, 07.06.2019
Жаңа валютаның енгізілуі туралы жалған мәлімет таратқандар жазаланады

Елімізде жаңа валютаның енгізілуі жөнінде қауесет таратып жүргендерге 12 миллион теңгеден астам айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша осындай жауапкершілік көзделген. Кінәлі тұлғалар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ішкі істер министрлігі бірқатар банктен депозиттердің кері қайтарылғаны жайлы жалған мәлімет таратқандар да жазасыз қалмайды деп ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы